08:13 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
123 0 0

Қазақстан президентінің айтуынша, отандық нарықта шетелден импортталатын дәрілердің үлесі 88 процентті құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке дәрі-дәрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елімізді дәрі-дәрмекпен және медициналық өнімдермен қамтамасыз ету ісінің олқылықтары анықталды. Біз импортқа тым тәуелдіміз. Шетелден келетін дәрілердің нарықтағы үлесі 88 пайызға жуық. Фармакологиялық зерттеулер жүргізу үшін тәжірибеміз жеткілікті. Ғылыми база да, білікті мамандар да бар. Сондықтан үкімет дәрі-дәрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құруы қажет", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында.

Айтуынша, мұнда зерттеу жүргізуден бастап өнеркәсіптік деңгейге дейінгі үдерістер қамтылуы тиіс.

Оқи отырыңыз: Президент дәрігерлер үшін қылмыстық жазаны өзгертуді ұсынды 

Президент фармацевтика саласындағы саясат ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, озық технология тартуға және импортты алмастыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Фармацевтика және медицина өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру міндеті денсаулық сақтау министрлігіне беріледі.

"Бұл ретте саланы дамыту және халықты тиімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тепе-теңдігі бұзылмауы керек", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев үкіметке отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту жоспарын дайындауды тапсырды. Жоспарда нақты көрсеткіштер мен мақсат-міндеттер айқындалады.

Бұдан бөлек, президент жыл соңына дейін Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы заң әзірлеуді тапсырды.

Тақырып бойынша

"Мойындауға мәжбүрмін": министр ызаланған медицина қызметкерлеріне жауап берді
Министр коронавируспен күреске нақты қанша ақша бөлінгенін айтты
Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай дәрілер қолданылады 
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, дәрі-дәрмек
Загрузка...

Басты тақырып