Қоғам

Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

© Photo : Официальный аккаунт Назарбаев Университета в Facebook Студенты Назарбаев Университета
 Студенты Назарбаев Университета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2025 жылға дейін еліміздің 10 жоғары оқу орны әлемнің үздік 500 университетінің қатарына қосылуы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысын көтеруге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын деген президент "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шаралары қарастырылғанын атап өтті.

"Бірақ іс жүзінде жоғары оқу орны оқытушысының жалақысы мұғалімнің жалақсынан аз болып қалды. Осыған орай, үкімет жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыруы керек", – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысында.

Президенттің айтуынша, гранттардың құнын арттыру арқылы ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге болады. Осы орайда президент дарынды жастардың шетелге кету мәселесіне баса назар аудару қажеттігін жеткізді.

"Мұның бірнеше себебі бар. Соның бірі – жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі. Әрине, бұл қосымша инвестицияны талап етеді. Осыған орай, білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық, яғни, грант құны үш есеге артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: "Кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін" деген ұстаз кешірім сұрады – видео

Мемлекет басшысы грант құнының 2011 жылдан бері өспегенін де айтты. Енді, осы қаржының артуымен талап та жоғары болады. Ендігі міндет, еліміздің 10 жоғары оқу орны әлемнің үздік 500 университетінің қатарына қосылуы қажет.

"Бұл – жоғары білім сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштердің бірі. Осы межеге 2025 жылы жетуіміз керек", – дейді Тоқаев.

Жаңалықтар
0