09:10 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
849 0 0

Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан осал азаматтар мен жастар үшін грант санын ұлғайту мәселесі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген кредит беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде тек абитуриенттің академиялық жетістігіне ғана емес, оның әлеуметтік экономикалық мәртебесіне де назар аудару қажет деп санайды.

"Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан осал азаматтар мен жастар үшін грант санын ұлғайту мәселесін қарастыру қажет. Жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген несие беру қолдаудың тағы бір жолы болар еді. Үкіметке, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерінен осы мәселеге қатысты ұсыныстарын енгізуді сұраймын", - деді Тоқаев ұлттық кеңестің отырысында.

Сонымен қатар, президент білім гранттарының орташа құны 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін өсетінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Президент стипендияны 42 000 теңгеге дейін көтеруді тапсырды 

"Яғни, грант құны үш есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын нығайтуға болады. Бұл маңызды қадам", - деді ол.

Айтуынша, грант құны елімізде 2011 жылдан бері өспеген.

Тақырып бойынша

"Жауапқа тарту қажет": Тоқаев оқулықтардың сапасы өте төмен екенін айтты
Қазақстанда мұғалімдер мен оқушыларға бөлек телеарна ашу ұсынылды
Рауан Кенжеханұлы: Ұлт мектебінің үлгісін жасау керек
Мұғалімдер үшін арнайы мемлекеттік награда бекітіледі
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты
Кілт сөздер:
кредит, студенттер
Загрузка...

Басты тақырып