16:29 14 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD411.66
  • EUR465.92
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10997 0 0

Арақашықтық вокзалда ғана емес, вагонның ішінде де сақталуы шарт. Дезинфекциялық шаралар жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. Қазақстанда 1 маусымнан бастап пойыз қатынасы ашылады. Осыған орай, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов негізгі талаптар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Вокзалға тек бетпердемен және билетпен ғана кіргізеді. Ал арақашықтық вокзалда ғана емес, вагонның ішінде де сақталуы шарт. Дезинфекциялық шаралар жүргізіледі. Вокзалда және вагондарда санитайзерлер тұрады. Жолаушылардың дене қызуын үнемі өлшеп отырады", - деді Байғабылов. 

Оның айтуынша, пойыздарда мейрамхана-вагондар жұмыс істемейді. Жол-жөнекей тамақ та сатылмайды. Сондай-ақ, вагондар арасында жүруге тыйым салынады. Ал жолаушылар тек өз орнында ғана отыруы шарт, ешқайда шықпайды. Бұның барлығын жол серіктері бақылап отырады. 

"Айта кетер жайт, пойызбен жүретін жолаушыларды барған жерінде карантинге алмайды. Олар емін-еркін жүре алады", - деп атап көрсетті Байғабылов.

Еске сала кетсек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 маусым күні блок бекеттер алынып, 5 маусымнан бастап қалааралық автобустардың жолға шығатынын мәлімдеген болатын.

Адамдар арасында кемі бір метр арақашықтық сақталуы тиіс. Көлік жүргізушілері бетперде, қолғаппен қамтамасыз етілуі шарт. Ал әкімдіктер болса, бақылау жүргізеді.

Тақырып бойынша

Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
Карантин баспана бағасына қалай әсер етті?
Қазақстанның туризм саласы миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін
Бурабайда терминалға жол ақысын төлемек болған жүргізуші көз жұмды 
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
Кілт сөздер:
карантин, жаңа тәртіп, пойыз
Загрузка...

Басты тақырып