18:01 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
810720

Жыл басынан бері 21 бала биіктен құлап кеткен. Терезеге торлар мен қауіпсіздік құлыптарын орнату арқылы осындай оқиғаларды азайту жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті терезені жабдықтау талаптарына өзгеріс енгізеді. Бұл туралы бүгінгі онлайн брифингте елордалық департаменттің басқарма басшысы Орал Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізгі мақсат – балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу. Ол үшін мемлекеттік стандартқа терезенің ашылатын жерлеріне торлар мен қауіпсіздік құлыптары сияқты арнайы құралдарды орнату талабын енгіздік", - дейді Әбдірахманов.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде қауіпсіздік құлыптарын мемлекеттің қаражатына орнату жоспарланған. Бүгінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданды.

Оқи отырыңыз: Жітіқарада студент терезеден құлаған баланы қағып алды

"Өкінішке қарай, жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап кетті. Жаңа талаптың арқасында осындай оқиғалар азайып, бала өлімі төмендейді деген сенім бар. Көпқабатты үйлерде терезеге арнайы қауіпсіздік жабдықтарын ата-аналардың өздері орнатады. Себебі олар балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.

Оның айтуынша, қауіпсіздік құлыбы және тордың бар-жоғын ешкім тексермейді. Бірақ халық арасында түсіндіру шаралары кеңінен жүргізіледі.

Тақырып бойынша

"14 бала құлап кеткен": мемлекет басшысы әкімдікке жауапкершілікті еске салды
Әйел құлап бара жатқан баласының аяғынан ұстап қалды – таңғажайып видео
Алматы мектебінде 1-сынып оқушысы терезеден секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
26-қабаттан құлап түскен бүлдіршін үстін қақты да, кете барды – жантүршігерлік видео
Прокуратура бір айда үш баланың терезеден құлап кету себебін анықтады
Кілт сөздер:
бала, терезе
Загрузка...

Басты тақырып