17:59 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1462010

Астролог жаздың алғашқы айында басталған оқиғалар жыл соңына дейін жалғасатынын ескертті, халықтың наразылығы күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова маусым айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Билік пен халықтың текетіресі

Астрологтың айтуынша, жаздың алғашқы айы жартылай көлеңкелі Ай тұтылуынан басталады. Астрономиялық құбылыс 5 маусымда болады. Әдетте, тұтылу кезеңінде басталған оқиғалар келесі табиғи құбылысқа дейін жалғасын табады. Сол себепті коронавирус індетінің таралуы бәсеңдейді.

"Бұл жолы Айдың тұтылуы Егіздер-Мерген белгілері өсінде өтеді. Ай түйіндері бұл белгілерде 2021 жылдың 23 желтоқсанына дейін болады. Бұл сапар, оқу, шекараны кесіп өту, халықаралық келісімдерді білдіреді. Ай тұтылуының күші қатты болмаса да, айтарлықтай қиын жағдайларға әкеп соғатын қырлары бар. Ең алдымен, бұл көңіл-күй тұрақсыздығы, ашушаңдық, адамдардың көңілі қалып, халық наразылық танытуы мүмкін. Жалпы Айдың тұтылуын Жер бетіндегі адамдардың көңіл-күйі деп қарастыруға болады", - дейді қазақстандық маман.

Оның болжамынша, қоғамда, қоғамдық орындарда дау-жанжал, қақтығыстар орын алады. Жазатайым оқиғалар, өрт, улы сұйықтықтардан улану қаупі артады.

Әбдірайымова маусымның басында басталған оқиғалар кем дегенде осы жылдың желтоқсанына дейін жалғасатынын ескертті.  

"Халықты вакцина салдыруға мәжбүрлеу басталады, көбі бұған қарсы шығады. 21 маусымда Күннің сақина тәрізді тұтылуына куә боламыз. Егер Ай халық болса, ал Күн – үкімет. Бұл құбылыс Шаян – Тауешкі өсінде болатынын ескерсек, мұны билік пен халықтың текетіресі деп қарастыруға болады. Ал күнделікті өмірде отбасы, бала, мансап мәселелері көтеріледі.  Адамдарды жеке басының, жақындары мен туған-туыстарының қауіпсіздігі алаңдатуы мүмкін", - дейді астролог.

Ол маусымның үшінші онкүндігі мен шілденің алғашқы жартысы көптеген елдің заңнамасына өзгерістер әкеледі деп болжады. Солардың бірі – міндетті вакцинацияны енгізу.

Сонымен қатар, банк жүйесінде де проблемалар туындайды. Банктерді мемлекет меншігіне айналдыру немесе қаржы ұйымдарына қолдау көрсету мәселелері қозғалады.

Юпитер мен Плутон – қайта құру, біріктіру, банктердің банкроттығын білдіреді. Бұл процестер маусым мен шілде айларында жалғасады.

Сезімтал әрі өкпелегіш болады

Маусым айында бірнеше планета ретроградты қозғалыста болады. Осыған байланысты адамдар аяқталмаған істеріне қайта оралып, жаңа қарым-қатынас құруы мүмкін.

"Өткен өміріңізге көз жүгіртіп, кейбір дүниелерге көзқарасыңызды қайта пайымдауға мүмкіндік бар. Ретроградты Венера кезінде сүйіктісінен айырылғандар қатты қинала қоймайды, ал осы кезеңде басталған жаңа қарым-қатынас көп жағдайда ұзаққа созылмайды. Сондықтан бұл уақытта шаңырақ көтеруге, сәнді әрі қымбат заттар сатып алуға, сауда немесе басқа да келісімдер бекітуге кеңес бермеймін", - деді Әбдірайымова.

Тағы оқыңыз: 1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

Инвестиция құю, қарыз алу және беру, косметикалық процедуралар мен операциялар үшін қолайсыз кезең. Десе де, бұл уақытта адамдар тез тіл табысып, жаңа дос табады. Әңгімелері жарасқан қыз-жігіттің қарым-қатынасы достықтан махаббатқа ұласуы мүмкін.

"Жолдағы таныстық берік достыққа айналуы мүмкін. Егер ғашықтық оты тұтанса, ол ұзаққа созылмайды. Адамдар осы айда өзіне қарата айтылған әр сөзді жанына жақын қабылдайды, әр сөзден астар іздеп, адамның дауыс ырғағына дейін назар аударады. Осының кесірінен біз сезімтал әрі өкпелегіш боламыз", - деп ескертті маман.

Сол себепті ол қалжыңдағанда, ойланып сөйлеуге кеңес берді. Әйтпесе өзгелер сізді түсінбей, ренжіп қалуы мүмкін.

Астролог бұл айда айналадағы адамдарға барынша көбірек көңіл бөліп, қамқор болуға шақырды.

Сонымен қатар, жаздың алғашқы айында көбі екеулеп сапарға шығуға тырысады.

18 маусымнан Меркурий де ретроградты қозғалысқа өтеді. Саудада проблемалар болжанып отыр, тұрмыстық және компьютерлік техника сатып алған кезде, аса сақ болған абзал.

18 мен 26 маусым аралығында жасалған барлық келісім қайта қаралып немесе мүлде орындалмауы мүмкін.

Астрологтан кеңес

Қазақстандық маман маусымның әр күні қалай өтетінін болжады.  

  • 1,2 маусым – тыныш күндер;
  • 3-4 маусым – көтеріңкі көңіл-күй, оптимизм, бірақ бірте-бірте көңіл-күй өзгереді;
  • 5 маусым – Айдың тұтылуы, мазасыз күн, есесіне тамаша идеялар келіп, ішкі түйсік жақсы жұмыс істейді;
  • 6 мен 12 маусым – тәуекелге бармаған абзал, опық жеп қалуыңыз мүмкін. Бұл кезеңде достар мен таныстардың сатқындығына, алдап-арбауға тап боласыз. Түрлі қоғамдық ұйымдар мен діни секталардан аулақ болыңыз;
  • 15 маусымнан тыныш күндер қайта басталады;
  • 18-21 – жұртшылық алдында сөз сөйлеу, белсенділік пен жеңіс кезеңі.

Сонымен қатар, Әбдірайымова жазғы күн тоқырауында не істеуге болатынын айтты.

"Бұл энергетикасы мықты күн саналады, сол себепті өзіңізге және басқаларға тілеген тілектеріңіздің орындалу ықтималдығы жоғары. Сондықтан армандағанда абай болыңыз, ешкімге жамандық тілемеңіз", - деді маман.

Айдың 14-15 күндері туған Шаян, Таразы, Тоқтылар бұл кезеңде ашуға бой алдырмағаны дұрыс, қауіпті істер мен авантюралардан аулақ болғаны жөн. Әсіресе, ақшаға қатысты мәселелерде. Орындай алмайтын уәде бермеңіз, деп кеңес берді астролог.

Ал осы күндері дүниеге келген Бикеш, Саряшаян, Балық, Торпақтарға қаржылық жағдайы мен беделін жақсартуға мүмкіндік туады, мансабы өсуі мүмкін.

Кілт сөздер:
болжам, астролог, маусым
Загрузка...

Басты тақырып