18:15 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2994 0 0

Теңіз вахталық елді мекендегі отызға жуық қызметкер созылып кеткен карантинге байланысты наразылық білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Теңіздегі ұйымдардың қызметкерлері үйге жіберуді талап етіп отыр. Вахталық елді мекенде 30-ға адам созылып кеткен карантинге наразылық білдірді, деп хабарлайды ATPress.

Желіде жұмысшылар мен "Теңізшевройл" компаниясы өкілінің видесы тарады. Қызметкерлердің бірі адамдар тамақтан бас тартатынын айтты. 

"Сараптама жасалғанына 20 күн өтті, қорытындысы әлі жоқ. Неге тек жұмысшылар ауырады, неге басшылық ауырмайды?"- деді ол. 

Оқиғаға қатысты өңірлік шұғыл штаб түсініктеме берді. Олардың мәліметіне сәйкес, жанжал 30 мамыр күні болған. Вахталық елді мекенде екі компанияның қызметкерлері тұрады. 

"30-ға жуық адам созылып кеткен карантинге байланысты наразылық білдірді. Олардың бәрі коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар ретінде тест тапсырды. 14 күн карантинде болды. Сынама екінші рет алынды. Алайда оның нәтижесі біраз кешіктірілді. Бұл мәселе бүгін шешілуі тиіс", - деді шұғыл штабта.

Еске сала кетсек, Атыраудағы "Теңіз" кен орнында және Қарағанды облысындағы "Нұрқазғанда" қызметкерлер жаппай Covid жұқтырғаны туралы ақпарат тараған болатын. 29 мамырда Екібастұздағы "Восточный"-да коронавирус анықталды. 

Тақырып бойынша

Теңіз кеніші жабылуы мүмкін – Атырау облысына үкіметтік комиссия аттанды  
Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандардың саны 82 адамға жетті  
"Теңіз" кенішінде не болып жатыр: үкімет делегациясы Атырау облысына аттанды
Теңіз кенішінде коронавирус өршіді: тағы 92 адамнан инфекция табылды
Теңіз кен орнындағы жұмысшылардың жаппай ауыру себебі айтылды
Кілт сөздер:
талап, наразылық, жұмысшылар, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып