Қоғам

Қазақстанда өткен тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырды

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONСотрудник лаборатории переносит пробирки для исследования по разработке вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории переносит пробирки для исследования по разработке вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вирусты соңғы тәулікте ең көп жұқтырған: астана (59 адам) , Алматы (29) және Қарағанды облысы (24 адам)

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 263 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,3% құрады.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 59 (2,7%)
  • Алматы қаласы – 29 (1,1%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 27 (4,1%)
  • Қарағанды облысы – 24 (2,6%)
  • Маңғыстау облысы – 19 (7,1%)
  • Шымкент қаласы – 18 (2,1%)
  • Қызылорда облысы – 16 (4,0%)
  • Алматы облысы – 15 (4,2%)
  • Атырау облысы  – 14 (1,3%)
  • Жамбыл облысы – 13 (3,4%)
  • Павлодар облысы – 11 (5,3%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 7 (5,2%)
  • Ақтөбе облысы – 6 (1,7%)
  • Түркістан облысы – 5 (1,3%).

183 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 11571, емделіп шыққандар - 5587, кайтыс болғандар - 41.

Карантин жеңілдетіле бастады

1 маусымда өңірлер арасындағы блок бекеттер алынды. 

Сондай-ақ, кеше пойыздар қатынай бастады. 

1 маусымнан бастап фитнес орталықтар мен СПА ашылды.

Той мен банкеттер өткізуге әлі рұқсат берілген жоқ.

15 маусымда кинотеатрлар ашылады.

Жаңалықтар
0