00:29 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
815 0 0

Түлектерді пунктерге кіргізу кезінде екі метр ара қашықтық сақталады. Аудиторияларда да талапкерлер бір-бірінен екі метр алшақ отырады

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Биыл коронавирус індетіне байланысты қазақстандық түлектердің ата-аналары мен туысқандары ҰБТ пунктерінің аумағына кіргізілмейді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ата-аналарға және басқа адамдарға балаларды ҰБТ өткізу пунктерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналар үшін ҰБТ барысын сол жерге келмей-ақ, үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырамыз", - деді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ҰБТ өткізу пунктері баррикадалық ленталармен жабдықталады. Түлектерді пунктерге кіргізу кезінде екі метр ара қашықтық сақталады. Аудиторияларда да талапкерлер бір-бірінен екі метр алшақ отырады. Сондықтан, Аймағамбетовтің айтуынша, ҰБТ өткізу пунктерінің тек 50 проценті ғана толтырылады. 

Бұдан бөлек, ол коронавирустың таралуын азайту мақсатында қосымша тағы бес сақтық шарасы қолға алынғаны айтты. 

Олар: 

  • тест тапсырушыларды дезинфекциялық тоннельдерден өткізу; 
  • аяқкиімдерді арнайы зарарсыздандыру кілемшелерімен өңдеу; 
  • қолды санитайзермен өңдеу; 
  • әр талапкердің дене қызуын өлшеу;
  • бірреттік жаңа маскалар беру. 

Аймағамбетов ҰБТ өткізу кезінде түрлі гаждеттерді, байланыс құралдарын, шпаргалка, калькуляторды кіргізуге тыйым салынғанын еске салды. 

Айта кетсек, биыл ҰБТ 20 маусымнан 5 шілдеге дейін 15 лекпен санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 пунктте өткізіледі.

Барлығы 131 755 адам тест тапсырады. 

Осы жылы ҰБТ форматы өзгертілген жоқ. Барлығы бес пән – үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өтеді. Барлық тест тапсырмасының саны – 120, максималды балл – 140.

Тақырып бойынша

Білім министрі ҰБТ-ға байланысты жаңашылдықтарды атады 
Тепловизор және дезинфекция түнелі:  ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады
ҰБТ-да жоғары ұпай алғандарға арнайы сыйлық табысталады
Министр биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсыратынын айтты
"Құпия емес": сарыағаштық түлек ҰБТ-да 140 ұпайды қалай жинағанын айтты
Кілт сөздер:
ата-аналар, ҰБТ
Загрузка...

Басты тақырып