00:46 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыстық топтар интеллектуалдық әлеуетті пайдаланып, ақылды әрекет етуге тырысады

АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Алматының полиция департаментінде қаржы пирамидаларының қызметін анықтау мен олардың жолын кесу бағытында жұмыс істейтін тәжірибелі мамандардан тұратын арнайы бөлім құрылды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Алматының полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов айтты.

"Соңғы кездері қаржы пирамидалары жиі пайда бола бастады. Осыған байланысты біз ең тәжірибелі қызметкерлермен күшейтілген арнайы бөлім құрдық. Олар көп эпизодты жағдайларды тергеп, әшкере етумен айналысады. Бұл сала экономикамен құрамдас болғандықтан, біз экономикалық тергеу қызметінен бірнеше тәжірибелі мамандарды тергеу жұмыстарына қатыстырудамыз", – деді Алматы полициясының бастығы.

Сондай-ақ, ол соңғы кездері мұндай алаяқтықта жаңа технологиялар белсенді түрде қолданыла бастағанын атап өтті. Яғни, ұйымдасқан қылмыстық топтар интеллектуалдық әлеуетті пайдаланып, ақылды әрекет етуге тырысады. Бірақ қазіргі уақытта оларға қарсы күресте полицияның ресурстары жеткілікті.

Оқи отырыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Тақырып бойынша

Бөлінген қаржы қалай игерілуде: Тоқаев есеп комитетінің басшысын қабылдады
Қарағандыда қаржы пирамидасы туралы іс тергелуде
Кілт сөздер:
полиция, қаржы пирамидалары
Загрузка...

Басты тақырып