23:53 04 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1067)
872 0 0

Айжан Есмағамбетова қауіптің алдын алу үшін мамандарды оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылып жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус індетінің екінші толқынын болдырмас үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Халықаралық тәжірибе ауру белгілері байқалмайтын және жеңіл түрімен ауыратын адамдар амбулаторлық түрде емделетінін көрсетіп отыр. Осыған байланысты алғашқы медициналық-санитарлық желіге жүктеме артады. Қазір мамандарды оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылып отыр", - деді Есмағамбетова тікелей эфирде.

Ол коронавирустың екінші толқынының алдын алу үшін зертханалардың тестілеуге дайындығын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді

"Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің, санитарлық көмектің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің кадрларын даярлау қажет. Маусымдық ауруға дайын болу үшін негізгі бағыттар осы", - деді бас санитар дәрігер.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға халық көп жиналатын орындарда тепловизор орнату мәселесін қарастыру тапсырылды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1067)

Тақырып бойынша

Коронавируспен күрес: Айжан Есмағамбетованың жалақысына қатысты мәлімет шықты
Ата-аналарға ҰБТ тапсыру орындарына келуге тыйым салынды
Коронавирустан жазылған бұрынғы вице-министр жаңа қызметіне кірісті
Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды
Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды
Кілт сөздер:
эпидемия, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып