18:21 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2740 0 0

Бастапқыда марқұмға "ЖРВИ" диагнозы қойылған. Алайда екі күннен кейін дене қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілді

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Павлодар облысында 1 маусымда коронавирус инфекциясынан қайтыс болған науқастың өлімі туралы мәліметтер белгілі болды.

Павлодар облысының 1935 жылы туған тұрғыны көп жылдан бері артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте тұрған, деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"26 мамырда әйел үйінен хабарласып дене қызуы көтеріліп, тамағының ауырып жатқанын айтып шағымданған. Оны емхананың мобильді бригадасының дәрігері қарап, "ЖРВИ" диагнозын қойып, ем-дом жазып үйінде қалдырған. Ал COVID-19 инфекциясына алынған анализ нәтижесі теріс болған", – делінген хабарламада.

28 мамыр күні әйел жедел жәрдем бригадасымен провизорлық госпитальдің пульмонологиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы ауыр болып, жөтел, әлсіздік пен дене қызуының 39,5 градусқа дейін жоғарылауына шағымданды.

Жағдайының ауыр екені және тыныс алу қиындағаны ескеріліп, науқас қарқынды терапия палатасына жатқызылды. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

Екінші анализ оң нәтиже көрсеткен

31 мамырда COVID-19 инфекциясына қайтадан анализ алынып, 1 маусымда нәтижесінің оң екені анықталды.

"Науқас 1 маусымда сағат 15:50-де реаниматолог маманның қатысуымен реанимобиль көлігімен жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Ауруханаға жеткізілген кезде жағдайы өте ауыр болды, жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылды", – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Ем-дом белгіленген стандарттарға, бекітілген хаттамаларға сай жүргізілді. Соған қарамастан, 1 маусым күні сағат 17.05-те науқас қайтыс болды.

Өлім-жітімді зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, науқастың коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны тіркелді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды

Айта кетейік, 2 маусымда COVID-19 инфекциясынан үш адамның қайтыс болғаны хабарланды. Павлодарлық әйелмен қатар, Шымкентте 1956 жылы туған азамат пен Нұр-Сұлтанда 1959 жылы туған науқас көз жұмды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясы табылған науқас саны 11 796 адамға жетті, 5 941 адам жазылып шықты, 44 адам қайтыс болды.

Тақырып бойынша

COVID-19: Есмағамбетова отандық тест қашан қолданысқа шығарылатынын айтты
Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды
Армения премьер-министрінен коронавирус табылды
Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер
Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқас көз жұмды
Кілт сөздер:
коронавирус, науқас, Павлодар
Загрузка...

Басты тақырып