Қоғам

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСолнце, жара
Солнце, жара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматының бас санитар дәрігері қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатқанын мысалға келтірді  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күн сәулесі вирусты өлтіретіні дәлелденбеген. Алайда ЖРВИ, тұмау секілді аурулар сәуірдің соңы мен мамырдың басында күннің ыстық болуына байланысты өршуін тоқтатады.

"Коронавирусқа келетін болсақ, қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатыр. Мысал ретінде Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанды айтуға болады. Осыдан-ақ вирустың күн сәулесіне қарсы тұра алатынын байқауға болады. Мысал ретінде қаламызда 30 градус ыстық болып тұр, алайда инфекция жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық нысандардың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

"Вирус адам ағзасында өмір сүреді, көбейіп, сыртқа шығады. Сондықтан нашар желдетілетін жабық нысандар өте қауіпті болып саналады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді 

Айта кетейік, Алматыда 2 715 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1 627 адам жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0