Қоғам

Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейский на дороге
Полицейский на дороге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті өз кінәсін толық мойындағаны үшін қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақтөбеде карантиндік блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша құқық қорғаушы жергілікті полицияда жұмыс істейді. Қызметі – патрульдік полицияның инспекторы.

"Полицей 30 мамыр күні 10 800 теңге тұратын "Парламент" темекісінің екі қаптамасын пара ретінде алған. Сол үшін "Магистраль №4" блок бекеті арқылы арнайы рұқсатсыз өткізуге уәде еткен", – деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Тергеушінің айтуынша, өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап республика бойынша барлық блок бекеттер алынды. Содан кейін барлық бағыттағы қалааралық автобус қатынасы ашылды. Пойыздар да жүре бастады.

Оқи отырыңыз: СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

Жаңалықтар
0