Қоғам

Тоқаев Мәсімовке тапсырма берді

© Официальный сайт президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы отырысты бастамас бұрын қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған қызметкерлерді еске алуға арналған стелаға гүл шоғын қойды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізіп, қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорда.

Кеңейтілген отырысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппараты мен  аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысты.

Жиын алдында Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ҰҚК органдары қызметкерлерін еске алуға арналған стелаға гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ, ҰҚК орталық аппаратының 2017 жылы қайта жөндеуден өткен музейіндегі Тәуелсіздік алған сәттен бергі комитеттің даму тарихын қамтитын экспозицияны көрді.

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҰлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысы
Тоқаев Мәсімовке тапсырма берді - Sputnik Қазақстан
Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысы

Отырыс барысында президент ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын, комитеттің құрылымдық және аймақтық органдары басшыларының есебін тыңдады.

Жиын соңында Тоқаев ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0