00:00 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1142710

Қазгидромет бірқатар өңірде дабылды ескерту жариялады, ауа температурасы түнде 1-3 градусқа дейін төмендейді  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы және Қарағанды ​​облыстарында үсік жүреді деп болжанып отыр.

Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды, 5 маусым күні түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлады Қазгидромет.   

Дабылды ескерту

Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Петропавлда 5 маусымға қараған түні топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Синоптиктер 5 маусымда Қарағанды ​​облысында жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжады. Түнде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Қарағандыда түнде желдің екпіні секундына 15 метрге жетуі мүмкін.

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында күн күрт суытады, 6-7 маусымда түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.  

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды

Жұма, 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өскеменде 5 маусымда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Семейде күн күркірейді, бұршақ жауады деп болжанып отыр. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Кілт сөздер:
күн суытады, дабылды ескерту
Загрузка...

Басты тақырып