Қоғам

Тоқаев: табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор мәселе

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПрирода Восточного Казахстана
Природа Восточного Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Табиғатты қорғай отырып, оны жақсарту мақсатында 5 маусым ­әлемде қоршаған ортаны қорғау күні ретінде белгіленген

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым ­­­–­­ Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау мен биологиялық алуан түрлілікті сақтауды мемлекеттік маңызы зор мәселе деп атады.

"Бүгін Дүниежүзілік қоршаған орта күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс", –­­ деп жазды президент Твиттерде.

Айта кетейік, 1972 жылы 15 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясының 27-сессияда жарияланған қарары бойынша жыл сайын 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің осындай қарары арқылы мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға деген ұмтылысын растайтын іс-шаралар өткізуге шақырады.

Оқи отырыңыз: Табиғат және сәулет: Ресейдің таңғажайып суреттері алматылықтарға көрсетілді

Жаңалықтар
0