20:43 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2492 0 0

Мәдениет туралы заңнамада фонограмманы қолдану туралы халыққа алдын ала ескерту нормасы енгізілген

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым ­­- Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова фонограммаға заңды түрде тыйым салу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шыны керек, соңғы кезде елімізде отандық эстраданың қазіргі жағдайына қатысты пікірталас қызу жүріп жатыр. Осы орайда фонограмманы қолдану мәселесі өзекті болып тұр. Плюстар бар да, дауыспен жазылған фонограммалар да бар. Ал әлеуметтік желілерде оған қарсылардың қатары өте көп. Кәдімгідей қоғамдық резнонанс туғызуда", - деді Райымқұлова бүгін онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, осы мәселені шешу үшін мәдениет туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Соның ішінде плюстық және дауыстық фонограммаларды қолдану мәселесі де бар. Атап айтқанда, ашық концерттерде фонограммаға тыйым салу ұсынылып отыр. Ал теледидар мен радиода қолдана беруге болады. Бүгінде заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамандар қазақ эстрадасында фонограммасыз ән айтатын әншілерді атады

"Сонымен қатар біз заң жобасына фонограмманы қолдану туралы халыққа алдын ала ескерту нормасын енгізіп отырмыз. Бұл - өте күрделі мәселе. Біз оны жан-жақты қарастыруымыз қажет. Бір жағынан эстрада талаптарын қатты күшейтіп алмауымыз керек, екінші жағынан тұтынушылардың мүддесін, халықтың қалауын ескергеніміз жөн. Әділдік тұрғысында фонограмма жайында ескерткен дұрыс. Сонда халық өзі таңдайды", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

Тақырып бойынша

Роза Рымбаева: фонограммамен ән айтсам, қара жерге кірейін
Танымал әнші журналистикаға бет бұрды
Тоқаевтың ұсынысы Қыдырәлі Болмановтың күлкісін келтірді
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
Кілт сөздер:
ән, әнші, Ақтоты Райымқұлова, фонограмма
Загрузка...

Басты тақырып