Қоғам

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар үнсіз митингке шықты

© Sputnik / Владислав ВодневМитинг многодетных матерей в Нур-Султане
Митинг многодетных матерей в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пикетке қатысушылар медициналық бетперде киіп, оған қызыл бояумен "сөйлемейміз" деген белгі салған

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Астаналық көпбалалы аналар тағы да наразылық акциясына шықты. Олар бұл жолы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында үнсіз митинг өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

15 әйел бірнеше плакатқа өз талаптарын жазып қойды. Соның ішінде бастапқы жарнасыз және жалдамалы баспана беру, мұқтаж халықтың кредитін кешіру сияқты нақты талаптар бар. Бұлан бөлек, көпбалалы аналар вакцинаға қарсы екенін білдірді. "Аштық жариялаймыз!" деген плакат та бар.

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанда көпбалалы аналар үнсіз митингке шықты
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар үнсіз митингке шықты - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар үнсіз митингке шықты

Пикетке қатысушылар медициналық бетперде киіп, оған қызыл бояумен "сөйлемейміз" деген белгі салып қойған. 

Көпбалалы аналардың атынан сұхбат берген Бота Шынықұлова бүгінгі үнсіз акцияның мақсатын түсіндірді.

"Көпбалалы аналар шаршады. Сол себепті осы жолы үнсіз пикетке шығуға шешім қабылдады. Біз бір жарым жыл бойы жүрдік, жол картасы да жасалды. Бірақ оны ешкім орындап жатқан жоқ. Қазір бізбен жергілікті атқарушы органдар ғана жұмыс істейді. Ал әкімдіктер ештеңе істей алмайды. Себебі барлық заң үкімет деңгейінде – орталық мемлекеттік органдарда қабылданады", - дейді Шынықұлова.

Қоғам белсендісі көпбалалы аналардың талаптарына да тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдетілген ипотеканы алу қиын. Көпбалалы аналарда алғашқы жарна да жоқ. Сондықтан осы талаптарды тағы жеңілдету керек. Ал мүгедек баласы бар аналар үшін бөлек баспана кезегін енгізген жөн.

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанда көпбалалы аналар үнсіз митингке шықты
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар үнсіз митингке шықты - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар үнсіз митингке шықты

"Негізі, біз мүгедек баласы бар аналар үшін бөлек кезекті енгізу мәселесін Өскенбаевпен (Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-минстрі - Sputnik Қазақстан) талқылағанбыз. Содан бері бір жыл өтті. Министрлік мәжіліске сілтейді, ал мәжіліс министрлікке барыңдар дейді. Полиция қысым жасайды. Аналар бәрінен шаршады. Сөйтіп, бірінші рет осындай үнсіз акцияға шықтық", - деп атап көрсетті Шынықұлова.

Көпбалалы аналар нақты шаралар қолға алынбаса, аштық жариялап, үнсіз пикетте отыра береміз дейді.

Қала әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратовтың пікірінше, жергілкті билік пикетке шыққан әрбір анамен жеке-жеке кездесуге дайын. Түсіндіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Кеңесші пикетке шыққандарға баспананың не себепті берілмей жатқанын айтты.

"Қазір Нұр-Сұлтанда үй кезегінде 46 мыңнан астам адам тұр. Бірақ бір нәрсені түсіну керек, 2008-2010 жылдардан бері үй кезегінде тұрған азаматтар бар. Олар әлі үй алған жоқ. Ал бұл кісілердің көпшілігі 2019 жылы кезекке тұрған", - деді Бабамұратов.

Оның сөзіне қарағанда, пикетке шыққан аналар "Бақытты отбасы" арқылы кредиттік баспана алуға құқылы. Бірақ оның өзі кезек бойынша беріледі.

"Нұр-Сұлтан қаласында "Бақытты отбасы" бойынша 2 600-ден астам адам өтініш тапсырған. Олардың 414-і жолдама алған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлығына бірдей кредит бермейді. Яғни, оның ішінен тағы артылуы мүмкін. Сонда одан кейін кезекте тұрған азаматтарға үлестіріледі. Қала әкімшілігі квотаны "Бақытты отбасы" бойынша квотаны ұлғайту мәселесін көтеріп жатыр", - деп атап көрсетті Бабамұратов.

Жаңалықтар
0