18:42 03 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.00
  • EUR491.36
  • RUB5.69
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
116 0 0

Америкадағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде нақты қанша адамның қаза болғаны әзірге хабарланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. АҚШ-тағы наразылық акциялары кезінде қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға республиканың сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Instagram желісінде, расталмаған мәліметтер бойынша, Америкада жаппай тәртіпсіздіктер барысында Қазақстан азаматының көз жұмғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Бұл ақпарат расталған жоқ. АҚШ-тағы наразылық кезінде қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ", - деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен.

Бұған дейін Associated Press афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған наразылықтар барысында кем дегенде 11 адамның мерт болғанын хабарлады.

Қаза болғандардың санына қатысты нақты ақпарат жария етілмей отыр.

Мамырдың соңында Миннеаполисте афроамерикалық Джорд Флойд полиция ұстағаннан кейін көз жұмды. Осы оқиғадан кейін елде наразылық акциялары басталды. Тіпті, әлемнің басқа мемлекеттеріне де тарап кетті.

Интернетте тараған видеодан полицейдің Флойдты мойнын тізесімен басып қинағанын көруге болады. Ер адам жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Кілт сөздер:
қазақстандықтар, АҚШ, наразылық
Загрузка...

Басты тақырып