08:47 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
100 0 0

Алматы іргесіндегі Іле-Алатауы ұлттық паркінің дамуын бақылайтын қоғамдық кеңес құру туралы шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Іле Алатауы ұлттық паркіне қарасты жер қоршалмайды және күрделі құрылыстар жүргізілмейді деп мәлімдеді. Ол мұндай пікірді өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Апта бойы Алматы жұртшылығымен, белсенділермен, журналистермен кездестік. Халықтың барлық талап-тілегі ескеріледі. Нəтижесінде ұлттық парк жанынан қоғамдық кеңес құратын болып шештік", - деп жазды Нысанбаев.

Вице-министрдің айтуынша, 2019-2025 жылдарға арналған туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелдік, оның ішінде АҚШ-тың табысты тəжірибесі негізінде ұлттық паркті дамытудың бас жоспары жасалды.

"Сондай-ақ, тендер жариялау арқылы қоршаған ортаға зиян келтірмей, ұлттық парктің инфрақұрылымын дамыту міндетін мойнына алған отандық инвестор анықталды", - деді ол.

Нысанбаев өз сөзінде ұлттық парктің қазіргі жай-күйіне де тоқталды.

"Ұлттық парктің қазіргі жағдайын өздеріңіз көріп отырсыздар: кəуапхана, абажадай мейрамханалар, сапасыз қызмет, сүреңсіз көріністер. Жағдайды түбірімен өзгертпей болмайды. Бірінші орында адам мен табиғаттың байланысы тұруы тиіс", - деді вице-министр.

Ол бұл жерлерде жолдарды жөндеп, көру алаңдары мен өзен үстіндегі көпірлер, табиғи үндестікті бұзбайтын шағын нысандар салу керектігін атап өтті.

"Осының бəрін жолға қою үшін қазақстандық инвесторға жалға небәрі 35 гектар жер учаскесі пайдалануға берілді. Жер банкке кепілге қойылмайды және күрделі құрылыс салынып, қоршалмайды. Сондай-ақ ұлттық парк аумағынан ешқандай жер сатылмайды, бұған заңмен тыйым салынған", ­- деді Нысанбаев.

Сонымен қатар ол қазақстандық инвестордың барлық жұмысты сапалы түрде орындауы халықпен бірге қадағаланатынын да жеткізді.

Оқи отырыңыз: Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады

Жақын күндері туристік инфрақұрылымды дамытуға қатысты бірқатар мәселені қоғамдық талқылаудан өткізу жоспарланып отыр.

"Осы талқылауда заңды және экологиялық сараптама жүргізуге қатысты тиісті барлық құжатты жұртшылық назарына ұсынуға дайынбыз. Осылайша, біз көпшілікпен бірге қоғамдық бақылау жүргізе отырып, табиғаты тамаша жерлерімізді мәдени демалыс орнына айналдырып, ұрпаққа қалдыра аламыз деген сенімдемін", - деді вице-министр.

Тақырып бойынша

Көк Жайлауда сауық кешін ұйымдастырғандарға қатаң шаралар қолданылады
Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Кілт сөздер:
табиғат, жер, Іле Алатауы
Загрузка...

Басты тақырып