03:37 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1375)
441 0 0

"Қазақстан" телеарнасы филиалының басшысы коронавирус анықталған қызметкерлердің жағдайы туралы баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. "Қазақстан" РТРК Алматы филиалының директоры Сәуле Жиреншина телеарнадағы жағдай мен қызметкерлердің денсаулығы туралы айтты.

"Коронавирустан қайтыс болғандар жоқ", - деді филиал басшысы.

Профилактикалық тестілеу кезінде телеарнаның 24 қызметкерінен коронавирус табылды. Оның ішінде журналистер, операторлар, жүргізушілер және техникалық қызметкерлер бар.

"Дене қызуы бір көтеріліп, бір түсіп жатқан оператордан басқасының барлығында ауру симптомсыз өтуде. Оператор ауруханаға жатқызылды", - деді Сәуле Жиреншина.

Оқи отырыңыз: "Қазақстан" телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус табылды 

Ол сонымен қатар байланыста болғандардың барлығы дереу карантинге алынғанын жеткізді, бірақ олардың ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен.

Филиал басшысының айтуынша, "Қазақстан" телеарнасы орналасқан ғимарат карантинге жабылған.

Еске сала кетейік, Алматыдағы "Қазақстан" ТРК Желтоқсан көшесі, 177 мекенжайында, Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан.  "Қазақстан" ТРК-мен бір ғимаратта орналасқан және кіреберісі ортақ "Еуразия бірінші арнасының" қызметкерлері де тексеруден өтті.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1375)

Тақырып бойынша

Бас санитар дәрігер көкөніс пен жемісті қандай сумен жуу керек екенін айтты
COVID-19: Алматыда ауру белгілері жоқ науқастарды қалай емдеп жатыр
Жұмыста коронавирусқа тест тапсыруды талап етіп жатыр: Есмағамбетова не дейді 
Қазақстанда әскерге шақырылған үш жігіттен коронавирус табылды
Алғашқы тест теріс болған: Павлодарда 63 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды
Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай жағдайда карантин күшейтілетіні айтылды
Кілт сөздер:
Алматы, телеарна, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып