Қоғам

"Киімді жыртып тастады": министрлік жанында түнеген аналар бүгінгі жағдайды айтты

© Sputnik / Арман АскаровМолчаливый митинг многодетных матерей длится вторые сутки
Молчаливый митинг многодетных матерей длится вторые сутки  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есіл ауданы бас санитар дәрігерінің түсіндіруінше, митингке шыққан аналар арақашықтықты сақтамаған және бетпердені дұрыс кимеген

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда үнсіз митингке шығып, аштық жариялаған әйелдер еңбек министрлігінің табалдырығының үстінде түнеген. Олардың ішінде жүкті әйелдер де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз осы жерде түнедік. Кеше сағат 10:00-де келдік, әлі тұрмыз. Дәретханалардың бәрін жауып тастады. Енді дәретхана іздеп, айналаның бәрін аралап жүрміз. Қарапайым халық көмектесіп тұрады. Кешеден бері нәр татқан жоқпыз. Біздің талаптарымыз орындалғанша отырамыз", – дейді Нәзира Мұқашева.

Оның айтуынша, түнде суық болды. Оған қоса, мәрмәр тастың үстінде жатқан оңай емес. Көпбалалы аналар картон қорапты төсеп жаттық дейді.

Ал "Күміс алқа" иесі Құралай Алиясова жедел жәрдем мен полицияның әрекетіне арызданды. Оның сөзіне қарағанда, бүгін жедел жәрдем қызметкерлері температурасын өлшегеннен кейін карантинге жауып тастамақшы болған.

"Полиция мені шығармай, ұстап тұрды. Осы жерде отырған аналар барып, жұлқылап шығармаса, мені босатпайтын еді. Температураңыз жоғары деп, карантинге жаппақшы болды. Киімді жыртып тастады", – деді Алиясова.

Журналистерге сұхбат берген жедел жәрдем қызметкерлері көпбалалы ананың киімін жыртпағанын айтты. Ал температурасын өлшегенде 35 градусқа да жетпеген.

Бүгін митинг өтіп жатқан жерге Есіл ауданының бас санитар дәрігері Арман Құрбанов та келді. Ол таңертең болған жағдайды түсіндірді.

"Ол кісінің температурасын өлшегенде 36,9 градус болған. Бұл – коронавирус инфекциясының белгісі. Тәртіп бойынша адамда дене қызу анықталса, жедел жәрдем оны сынамаға алып кетуі керек. Ол адаммен қарым-қатынаста болған адамдар да тексерістен өтуі шарт. Мен өзім болған жоқпын. Сондықтан киімді кімнің жыртқанын білмеймін", – дейді Құрбанов.

© Sputnik / Арман АскаровКөпбалалы аналардың үнсіз митингісі екінші күн жалғасуда
Киімді жыртып тастады: министрлік жанында түнеген аналар бүгінгі жағдайды айтты - Sputnik Қазақстан
Көпбалалы аналардың үнсіз митингісі екінші күн жалғасуда

Осыдан кейін бас санитар митингке шыққан аналарды арақашықтықты сақтамайды деп айыптады. Бетпердені дұрыс киіп тұрған жоқ деді.

"Негізі, карантин кезінде көп адамның бір жерге жиналуына болмайды. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің тиісті қаулысы бар. Содан соң бұл жерде 2 метрлік арақашықтық сақталмайды. Бетпердені де дұрыс кимейді, мұрындары ашық", – деп атап көрсетті Құрбанов.

Аштық жариялаған аналар көп қарсылық білдірген жоқ. Арақашықты сақтай отырып, өз орындарына жайғасып алды да, үнсіз митинг пен аштықты әрі қарай жалғастыруда.

Жаңалықтар
0