Қоғам

Көлік жүргізушілер қашаннан бастап жеке куәлікті ғана алып жүретіні белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневВодительское удостоверение
Водительское удостоверение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде полицейлер 13 мың планшет ұстап жүр, оған жеке тұлғалар мен автокөліктер туралы мәліметтер, сақтандыру компанияларының ақпараты енгізілген

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев көлік жүргізушілері заң жобасы жыл соңына дейін парламентте қабылданса, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәлікпен ғана жүруге болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы көктемде тиісті бағдарламаны әзірлеуді тапсырған болатын. Біз оны интеграциялап, әзірлеп қойдық. Ал төтенше жағдай кезінде блок бекеттерде сынақтан өткізіп алдық", - деді Тұрғымбаев онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда автобөлшектерді сату тәртібі өзгерді 

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде полицейлер 13 мың планшет ұстап жүр. Оған жеке тұлғалар мен автокөліктер туралы мәліметтер, сондай-ақ, сақтандыру компанияларының ақпараты енгізілген. Техникалық тексеріс пен көлікті тіркеу деректері де бар.

"Техникалық жағынан біз жаңа бағдарламаға көшуге дайынбыз. Бірақ жеке куәлікті ғана ұстау туралы ұсыныс заң жобасына енгізілген. Ал заң жобасы мәжілісте жұмыс тобының қарауында жатыр", - деп түсіндірді Тұрғымбаев.  

Оның айтуынша, жыл соңына дейін заң жобасы парламент арқылы өтсе, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке куәлікпен ғана жүруге болады. Басқа құжаттарды ұстаудың қажеті жоқ.

Министр планшет жетпей жатқанын да жеткізді. Полицейлерге тағы 5-6 мыңдай планшет керек. Қазіргі кезде облыстық ішкі істер департаменттері әкімдіктерге хат жазып, қаржы бөлуді сұрап жатыр. Жыл соңына дейін осы мәселе шешілсе, барлық полицей планшетпен қамтылады.

Жаңалықтар
0