Қоғам

Коронавирус індетінен тағы 4 адам көз жұмды

© REUTERS / ISSEI KATOПробирки с пробами на коронавирус
Пробирки с пробами на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, көз жұмғандардың саны 77-ге жетті. Республика бойынша 14 496 адам аталған індетке шалдықса, 9 188 науқас сауығып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым ­­– Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетінен тағы төрт науқас қайтыс болғанын мәлімдеді.

Оның бірі – 1941 жылы туған әйел Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болса, енді бірі – 1971 жылы туған әйел адам Павлодар облысының азаматы. Сонымен қатар Амола облысының екі тұрғыны – 1977 жылы туған ер адам және 1952 жылы туған әйел адам көз жұмды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", – делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 77 адам қайтыс болды. Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 15;
  • Алматы қаласы – 10;
  • Шымкент қаласы – 11;
  • Ақмола облысы – 6;
  • Атырау облысы – 3;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1;
  • Жамбыл облысы – 1;
  • Батыс Қазақстан облысы – 4;
  • Қарағанды облысы – 7;
  • Қостанай облысы – 2;
  • Маңғыстау облысы – 2;
  • Павлодар облысы – 12;
  • Түркістан облысы – 3.

Айта кетейік, республика бойынша 14 496 адам аталған індетке шалдықса, 9 188 науқас дертінен айығып шықты.

Жаңалықтар
0