02:50 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
45710 0 0

Серік Әбденәлиев Сидней Олимпиадасында бокс жарыстарында төрешілік еткен алғашқы қазақстандық маман болды

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан спортының ардагері Серік Әбденәлиев өмірден озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

"Ол бүкіл өмірін боксқа арнады. Серік Әбденәліұлы атақты спортшы ретінде танылды, бірнеше рет ел чемпионы болған. Сонымен қатар, мемлекеттік жаттықтырушы ретінде отандық боксқа үлкен үлес қосты. Оның жетекшілігімен боксшылар Атлантада төрт Олимпиада медалін жеңіп алған. Ол Сидней Олимпиадасында бокс жарыстарында төрешілік еткен алғашқы қазақстандық маман болды", - делінген ресми хабарламада.

Бокс федерациясы Серік Әбденәліұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

Серік Әбденәлиев туралы не білеміз

Серік Әбденәліұлы 1939 жылы 28 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қаракестек ауылында дүниеге келген. Мектеп-интернетта оқып жүріп, аты аңызға айналған Шоқыр Бөлтекұлынан бокстан дәріс алған. Ал мектеп-интернаттан кейін Қазақ мемлекеттік Дене тәрбиесі және спорт институтына түсті.

19 жасында республика чемпионы атанды, артынан төрт рет Қазақ республикасы чемпионатын жеңіп алды. 1960 жылы одақ деңгейінде чемпион атанды. КСРО спорт шебері атағын алды. Ұстаздық қызметін қоса алып жүрді. 1965 жылы рингке шығуды тоқтатып, әскерге барып келді. Содан ұстаздық қызметіне бел шеше кірісті. Әлем және Еуропа чемпиондарын тәрбиелеп шығарды.

Оқи отырыңыз: Он төрт қарсыласын жеңген қазақ боксшысы алғаш рет нокаутпен ұтылды – видео

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Серік Әбденәлиевті бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. Ал үш жылдан кейін мемлекеттік жаттықтырушы дәрежесін алды. 1996 жылы Атланта Олимпиадасында Василий Жиров 81 келіде алтын алса, Болат Жұмаділов күміспен күптелді.  Болат Ниязымбетов (63,5-ке дейін) пен Ермахан Ыбырайымов (71 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында Серік Әбденәлиев Олимпиадада төрелік еткен тұңғыш қазақ маманы болды. Ол теориялық және практикалық тесттердің барлығын тапсырып, Олимпиадада қызмет ететін 34 төрешінің қатарында болды. Өткен жылы Серік Әбденәліұлы 80 жылдық мерейтойын тойлады.

Тақырып бойынша

Белгілі қазақ дирижері Раиса Садықова қайтыс болды
Қазақстанның тұңғыш ішкі істер министрі қайтыс болды
"Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі Хамит Санбаев дүниеден озды
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова өмірден озды
Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды
Ақтөбедегі төтенше оқиға: бесінші адам қайтыс болды
Кілт сөздер:
спортшы, боксшы
Загрузка...

Басты тақырып