Қоғам

Қазақстанда коронавирус індетінен көз жұмғандар саны артты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМодульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
Модульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде індет салдарынан қайтыс болғандар саны тағы 4 адамға көбейді. Қайғылы жағдай Алматы қаласы мен Ақтөбе және Павлодар облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетінен көз жұмғандар саны 81 адамға жетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

1955 жылы туған ер азамат Ақтөбе облысында, 1954 жылы дүниеге келген әйел адам Павлодар облысында, 1964 жылы дүниеге келген ер адам және 1971 жылы туған әйел адамның көз жұмғаны Алматы қаласында тіркелді.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 81 адам қайтыс болды.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 15
  • Алматы қаласы – 12
  • Шымкент қаласы – 11
  • Ақмола облысы – 6
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 4
  • Қарағанды облысы – 7
  • Қостанай облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 3
  • Ақтөбе облысы - 1

Айта кетейік, бүгінге дейін еліміз бойынша 14 809 адам коронавирус індетін жұқтырса, оның ішінде 9 388 науқас дертінен айығып шықты.

Жаңалықтар
0