Қоғам

Денсаулық сақтау министрі Біртановтың жағдайына қатысты ақпарат шықты

© Sputnik / Абзал Калиев Министр здравоохранения Елжан Биртанов
 Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министріне "пневмония" диагнозы қойылды. Ол жұқпалы аурулар ауруханасында жатқанына қарамастан, министрліктің жұмысын онлайн режимде үйлестіруде

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавируспен ауырған министр Елжан Біртановтың жағдайы туралы хабарлады.

"Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлының жағдайы қалыпты деп бағаланады. Оған "пневмония" диагнозы қойылған. Хаттамаға сәйкес емделуде", – деді Диас Ахметшәріп.

Бірақ ауруханада емделу курсынан өтіп жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясымен жұмыс жөніндегі штаб қызметін онлайн режимде үйлестіруде, деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі.

"Біз Елжан Амантайұлының сауығып, жұмысқа тезірек оралуын күтеміз", – деп қосты Ахметшәріп.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған болатын. Кейіннен, Жамбыл облысына онымен бірге сапарлаған бір топ үкімет мүшелері тест тапсырып, оқшауланған.

Оқи отырыңыз: COVID–19: сынама оң нәтиже көрсетсе, не істеу керек?

Олардың қатарында премьер-министр Асқар Мамин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров болды.   

Жаңалықтар
0