Қоғам

Ақорда үстіндегі таңғажайып құбылыс видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желі қолданушылары найзағайдың ойнаған сәті түсіп қалған әсерлі видеоны өз парақшаларында бөлісіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ақорда үстінде найзағайдың жарқылдаған сәті камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түнгі астананың аспанында жарқ еткен найзағайды Абай Сарқұлов есімді желі қолданушысы видеоға түсіріп үлгерген.  

"Найзағай ойнаған сәтін түсіріп алдым! Құдіретті жаратқан Ием", - деп жазды ол Facebook-те.

Желі қолданушылары таңғажайып табиғи құбылысты қызықтап, өз парақшаларында бөлісіп жатыр.

Айта кетсек, 15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында күн күрт суытты. Көшпелі бұлт шығып, түнде нөсер жауын жауды. Соның салдарынан қала көшелерін тағы су басты.

Жаңалықтар
0