Қоғам

Алматы мен Сеул арасындағы тұрақты рейстер 1 шілдеден бастап іске қосылады

© Sputnik / Тимур БатыршинСамолет Air Astana
Самолет Air Astana   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі айдан бастап Air Astana әуе компаниясы Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға аптасына үш рейс жасайды

АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан Оңтүстік Кореямен әуе қатынасын 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қалпына келтіреді.

Алматыдан Сеулге және кері бағыттағы ұшақтар аптасына үш рет ұшады. Рейстерді Air Astana әуе компаниясы орындайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 8 маусымнан бастап Алматы мен Оңтүстік Корея астанасы арасында апталық репатриация рейстері орындалып жатқанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды 

Сондай-ақ төмендегі бағдарлар бойынша тұрақты рейстер ашылады:

  • 20 маусымнан бастап – Алматы - Анталия - Алматы;
  • 20 маусымнан бастап – Нұр-Сұлтан - Стамбұл - Нұр-Сұлтан;
  • 21 маусымнан бастап – Алматы - Стамбұл - Алматы;
  • 21 маусымнан бастап – Нұр-Сұлтан - Анталия - Нұр-Сұлтан;
  • 23 маусымнан бастап – Атырау - Стамбұл - Атырау;
  • 1 шілдеден бастап – Алматы - Тбилиси - Алматы.

Сонымен қатар, 3 шілдеден әуе компаниясы Алматыдан Қара теңіз жағалауындағы Грузияның Батуми қаласына жаңа тұрақты рейс ашады.

Халықаралық рейстер негізінен Airbus A320/A321 және Embraer E190-E2 ұшақтарымен жасалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркиядан Қазақстанға келетіндердің дене қызу өлшеніп, сауалнама толтыратыны туралы хабарланған болатын.

 Қазақстанға әуе рейстерімен шетелден келгендердің барлығы шекараны қиып өткен күні соңғы бес күннің ішінде алынған коронавирусқа теріс ПТР талдауы туралы анықтаманы көрсетсе, карантинге жатқызылмайды.

Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Жапониядан, Грузиядан және Тайландтан келгендер де дене қызуын өлшетіп, анкета толтырады.

Жаңалықтар
0