Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 119 адам жансақтау бөлімінде жатыр

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуАппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен аптада Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларында сырқаттанғандар көбейген  

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша атқарушы Ләззат Ақтаева коронавирус жұқтырған пациенттердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазір республикада 5 795 науқас стационарда ем қабылдап жатыр.

"Оның ішінде 85%-і – қанағаттанарлық, 12,8%-і орташа жағдайда. Ал 119 пациент жансақтау бөлімдерінде жатыр", - деді Ақтаева онлайн брифингте.

Барлығы 9 388 адам емделіп, ауруханадан шыққан, өткен тәулікте 200 адам дертінен айықты.

Ол халықтың мақсатты топтары арасында коронавирусқа тестілеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Ақтаева елде коронавирус жұқтырғандар саны неге артып бара жатқанын түсіндірді. Айтуынша, індетке шалдығу жағдайлары еңбек ұжымдарында, отбасыларда тіркеліп отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңнан асып түсті 

"Өкінішке қарай, адамдар алдын алу шараларын сақтамайды, яғни маска тақпайды, ара қашықтықты сақтамайды, қолды жуып тұруды ұмытады. Бұған қоса, жұмысын жандандырған нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режим тиісті деңгейде орындалмайды", - деді ол.

Айтуынша, өткен аптада Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларында вирус жұқтыру өсімі байқалған.

Жаңалықтар
0