Қоғам

Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды

© REUTERS / POOLМедицинская аппаратура в палате больницы с коронавирусом
Медицинская аппаратура в палате больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус індетімен байланысты қайғылы жағдай еліміздің үш облысы мен Алматы қаласында тіркелді. Қайтыс болғандардың арасында ең үлкені 88 жаста болса, ең кішісі - 46 жаста

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індеті салдарынан тағы жеті науқас қайтыс болды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

1945 және 1974 жылы туған екі ер азамат Түркістан облысында, 1932 жылы дүниеге келген әйел мен 1941 жылы туған ер адам Батыс Қазақстан облысында, 1949 және 1939 жылы дүниеге келген екі ер азамат Қарағанды облысында және 1965 жылы дүниеге келге ер адам Алматы қаласында көз жұмды.

"Өлім себептерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл адамдарды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 88 адам қайтыс болды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 15
  • Алматы қаласы – 13
  • Шымкент қаласы – 11
  • Ақмола облысы – 6
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 9
  • Қостанай облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 5

Айта кетейік, республика бойынша коронавирус инфекциясын 15 542 адам жұқтырса, оның ішінде 9 647 науқас дерттен айығып шықты.

Жаңалықтар
0