Қоғам

Мәжіліс төрағасынан да коронавирус табылды

© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента КазахстанаПредседатель мажилиса парламента Нурлан Нигматулин
Председатель мажилиса парламента Нурлан Нигматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулин сенат пен мәжілістің бірлескен отырысының қарсаңында коронавирус жұқтырып алған

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннен коронавирус инфекциясы табылды, бірақ ауру белгілері жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Нұрлан Нығматулин өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр.

"Мәжіліс төрағасы карантиндік шараларды қатаң сақтап, соңғы айда қашықтан жұмыс істеді. Тек мәжілістің жалпы отырыстарын өткізуге келіп отырды. Бірақ Нұрлан Нығматулин әрбір отырыстың алдында коронавирусқа тест тапсырды", - делінген мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ал 17 маусым күнгі мәжілістің жалпы отырысын вице-спикер өткізеді.

Айта кетейік, 22 маусымда Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын өткізу жоспарланған.

Бұған дейін бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктің коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді: денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Ал Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов дерттен жазылып шықты.

Үкімет басшысы Асқар Мамин мен білім министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология министрі Мағзұм Мырзағалиев және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сынамасы теріс нәтиже көрсетті, дегенмен олар оқшаулануды жөн деп тапқан.

Оқи отырыңыз: "Президентке қауіп төніп тұрған жоқ": Берік Уәли жайсыз жаңалық жариялады

Бүгінгі таңда Қазақстанда 15 542 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 9 647 адам аурудан айығып шықты. 88 адам коронавирустан көз жұмды.

Жаңалықтар
0