Қоғам

Талап жеңілдеді: Алматы әкімі баспана алуға қатысты жазба жариялады

CC0 / / Ключи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдарлама аясында мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар үй алуға өтініш бере алады

АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Алматыда жұмыс істейтін, алайда қалада тұрақты тіркеуде тұрмайтын жастар жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы баспана алу үшін құжат тапсыра алады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін бағдарлама шартында өтініш берушінің соңғы 2 жылда Алматы қаласында тіркеуде болуы талап етілетін.

"Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды (жойылды - Sputnik Қазақстан). Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады", - деп жазды қала әкімі.

Осылайша, 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың 19 ақпанында есеп беру жиынында жастарға баспана алуға арнайы тұрғын үй бағдарламасы әзірленгенін хабарлады.

Бағдарлама бойынша 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен үлестіріледі.

Бағдарлама бойынша кредитті қайтару мерзімі – 3 жылдан 25 жылға дейін, ол төлем қабілеттілігі бойынша жеке есептеледі. Бастапқы жарна – 10%.

Оқи отырыңыз: Әркім қалтасына қарай баспана алады - министрлік жаңа заң әзірлеп жатыр

Айта кетейік, бағдарламаның мақсатты аудиториясы – бюджеттік саланың 35 жасқа дейінгі жас қызметкерлері. Олар: мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар.

"Алматы жастары 3.0" бағдарламасының талаптарымен арнайы сайтынан танысуға болады.

Жаңалықтар
0