03:13 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (592)
488801

Халық қалаулылары шалғай ауылдардың тұрғындарын тестілеу үшін және ауруларды бос емханаларға эвакуациялау үшін санитарлық пойыз ұйымдастыру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Мәжілістің бір топ депутаты коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шаралар енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақ жол" фракциясының депутаттары өз депутаттық сауалын премьер-министр Асқар Маминге жолдады.

Мәжілісмен Меруерт Қазбекованың айтуынша, шектеулер алынғаннан кейін, бірқатар өңірде вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны күрт өскен. Депутаттарға ауруханаларда орын жоқтығы, науқастарға лық толы провизорлық орталықтарда емдеу процедуралары жүргізілмейтіні, дәрігерлерде қорғаныш құралдары тапшы екені туралы шағым жиі түсіп жатқан көрінеді.

"Халық денсаулық сақтау министрлігінің емханаларда төсек-орын мен қорғаныш киімдері жеткілікті дегеніне сенбейді. Өйткені шенеуніктер статистикаға сүйенеді, ал адамдар сол проблемалармен бетпе-бет келіп отыр", - деді Қазбекова.

Ол азаматтардың көбі коронавирус тестілерінің тапшылығына шағымданатынын атап өтті.

Айтуынша, тіпті Нұр-Сұлтан қаласының өзінде тест тапсыру үшін кем дегенде екі күн бұрын кезекке тұру керек. Анализ нәтижесі де уақытында берілмейді. Кезек мәселесі Алматы, Шымкент, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан өңірлерінде де бар.

"Індеттің өршуіне адамдардың қауіпсіздік талаптарын елемеуі себеп болғаны сөзсіз. Сол себепті біз жағдай ушығып тұрған аймақтарда карантинді күшейтуді қолдаймыз", - деді депутат.

Мәжілісмен денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктердің коронавирусқа қарсы күресі, бюджеттен қыруар қаржы бөлінгеніне қарамастан, жеткілікті деңгейде іске аспай жатқанын айтты.

Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы үкіметтен ауру белгілері бар адамдарды ауруханаға жатқызу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды сұрады. Қажет болса, шалғай ауылдардың тұрғындарын тестілеу үшін және ауруларды бос емханаларға эвакуациялау үшін санитарлық пойыз ұйымдастыру керек, деп санайды депутаттар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин күшейтілді

"Халықты тестілермен қамтамасыз ету қажет, соның ішінде тұрмысы төмен азаматтарды тестен тегін өткізген жөн. Ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шаралар енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз", - деді Қазбекова.

Айта кетсек, соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 542 адам коронавирус жұқтырды. Оның 9 647-і дертінен айықты, 88 адам қайтыс болды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (592)

Тақырып бойынша

Жүріп-тұру тағы шектелді: Маңғыстау облысында бүгіннен бастап карантин күшейтілді
Нұр-Сұлтан мен Алматыда қандай жағдайда карантин күшейтілетіні айтылды
Алматыда карантин кезінде жүргізілген зерттеу нәтижесі экологтарды таңғалдырды
Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды
Карантин күшейді: Бурабайға баратындар нені білуі тиіс
Кілт сөздер:
депутат, карантин
Загрузка...

Басты тақырып