Қоғам

Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейеді

© Sputnik / Абзал КалиевУлицы Нур-Султана после снятия режима ЧП
Улицы Нур-Султана после снятия режима ЧП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20-21 маусым күндері ел астанасы мен бірқатар қалада сауда орындары мен базарлардың жұмысы тоқтайды, қоғамдық көліктің жұмысы шектеледі

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстанда алдағы демалыс - 20-21 маусым күндері қосымша шектеу шаралары күшіне енеді. Тиісті шешімді ведомствоаралық комиссия қабылдады, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында:

  • сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, базарлар, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмысын тоқтатады;
  • тек ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі, әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс;
  • қоғамдық көлік жұмысы шектеледі;
  • қоғамдық орындар – саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар мен аквапарктер жабылады;
  • фитнес-орталықтар уақытша істемейді;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Сонымен қатар, халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде саябақтар, скверлер, жағалаулар мен аквапарктердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Жасы 65-тен асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Жаңалықтар
0