Қоғам

Үкімет демалыс аймақтарына қатысты шешім қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневПара на велопрогулке в центральном парке Нур-Султана после ослабления карантина
Пара на велопрогулке в центральном парке Нур-Султана после ослабления карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендердегі көптеген қоғамдық орындардың жұмысы уақытша тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 20-21 маусым күндері шектеу шараларын енгізуге шешім қабылдады. Соның ішінде туристік базалар да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар мен Екібастұз қалаларына жақын туристік аймақтарға кіруге тыйым салынады. Ал бұған дейін кірген адамдар арақашықтықты қатаң сақтап жүруі тиіс.

Айта кетейік, демалыс күндері осы алты қалада сауда орталықтары, азық-түлік сататын және сатпайтын жабық базарлар жабылады. Ал қоғамдық тамақтану нысандары тек таза ауада ғана өз жұмысын жалғастырады. Қоғамдық көліктің қозғалысы шектеледі. Саябақтар, жағажайлар мен аквапарктер де жабылады. Фитнес орталықтар жұмыс істемейді.

Сонымен қатар, халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде саябақтар, скверлер, жағалаулар мен аквапарктердің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейеді

Жасы 65-тен асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Жаңалықтар
0