Қоғам

Үкімет басшысы коронавирус індетіне қатысты шұғыл тапсырма берді

© REUTERS / POOLМедицинское оборудование для больных коронавирусом
Медицинское оборудование для больных коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр жүктеген тапсырмаға орай, аймақтардағы ресурстарды тарту арқылы науқастарды компьютерлік томографиямен зерттеу шаралары күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында үкімет басшысы Асқар Мамин бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министр қысқа уақыттың ішінде полимеразалық тізбек реакциямен тест жасау шараларын күшейтуді тапсырды. Ол үшін медицина ұйымдарының негізінде қосымша зертханалар ашылады.

Бұдан бөлек, ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындарды көбейту керек. Аймақтардағы ресурстарды тарту арқылы науқастарды компьютерлік томографиямен зерттеу шаралары күшейеді. Ал медициналық жедел жәрдем станциялары шұғыл шақыруларға дер кезінде қызмет көрсетуі тиіс. Үйде отырған пациенттерді қашықтан және мобильді бригадалар арқылы сапалы бақылауды қамтамасыз ету керек. Халық арасында түсіндіру жұмысы кеңінен жүргізіледі.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста комиссия 20-21 маусым күндері бірқатар шектеу шарасын енгізуге шешім қабылдады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында:

  • сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, базарлар, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмысын тоқтатады;
  • тек ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі, әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс;
  • қоғамдық көлік жұмысы шектеледі;
  • қоғамдық орындар – саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар мен аквапарктер жабылады;
  • фитнес-орталықтар уақытша істемейді;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Сонымен қатар, халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде саябақтар, скверлер, жағалаулар мен аквапарктердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Жасы 65-тен асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Жаңалықтар
0