Қоғам

Алматыда карантин режимі күшейтілді: Сағынтаев себебін түсіндірді

© Sputnik / Тимур БатыршинАким Алматы Бакытжан Сагинтаев на Алматинском инвестиционном форуме
Аким Алматы Бакытжан Сагинтаев на Алматинском инвестиционном форуме  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімі қаупі дендеп бара жатқан аурудың алдын алу әрбір тұрғынның өзіне байланысты екенін айтады

АЛМАТЫ, 18 маусым – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев карантин шараларының күшейтілуіне байланысты демалыс күндері қызметіне шектеу қойылатын нысандарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала әкімі Facebook парақшасында үкіметтің елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдаған шешімі аясында Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданғанын хабарлады.

"Сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының, қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылады. Бұған қоса саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағы, өзендер мен су қоймаларының жағалауы, тау шаңғысы курорттары және басқа да қоғамдық орындар жабылады", - деп жазды қала әкімі.

Сонымен қатар қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырды. Айтуынша, карантин шараларын босаңсыту коронавирустың өршуіне әкеп соқты.

"Қала тұрғындарынан көшеде жүруді шектеуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал. Қаупі дендеп бара жатқан аурудың алдын алу өзімізге байланысты екенін естен шығармайық", - деп жазды Сағынтаев.

Айта кетейік, қала тұрғындары сұрақтар бойынша 1308 нөмірлі call-орталыққа хабарласа алады.

Алты қалада шектеу шаралары енгізілді

20-21 маусым күндері Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында шектеу шаралары күшіне енеді:

  • сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, базарлар, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар жұмысын тоқтатады;
  • тек ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі, әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс;
  • қоғамдық көлік жұмысы шектеледі;
  • қоғамдық орындар – саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар мен аквапарктер жабылады;
  • фитнес-орталықтар уақытша істемейді;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы коронавирус індетіне қатысты шұғыл тапсырма берді

Сонымен қатар халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде саябақтар, скверлер, жағалаулар мен аквапарктердің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Жаңалықтар
0