16:12 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
72501

Қазіргі кезде халық табысының тең жартысын тамаққа жұмсайды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10 проценттен аспайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстандағы ең төменгі жалақыны қазіргі өмір сүру талаптарына сәйкестендіру қажет деп санайды. Айтуынша, оның мөлшері ЕАЭО және ТМД елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Қазақстанда ең төменгі жалақыны миллиондаған азамат алады. Оның мөлшері елдегі орташа жалақының 19 процентін ғана құраса, дамыған елдерде бұл 50%-ке тең.

"Алысқа бармай-ақ, мынадай ресми мәліметке назар аударайық. Қазақстандағы ең төмен жалақы ЕАЭО-ға мүше Ресейден 34 мың, Беларусьтен 22 мың, Армениядан 13 мың, ал ТМД елдеріндегі Украинадан 35 мың, Молдовадан 25 мың, Әзербайжаннан 16 мың теңгеге төмен. Сондықтан, құрметті үкімет, біз барлығын түсінеміз. Бірақ азаматтарымыздың өмір сүру деңгейі мен ең төменгі жалақыны қазіргі өмір сүру талаптарына сәйкестендіруді тез арада қолға алу керек деп есептейміз", - деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

Мұрат Бақтиярұлы былтыр азық-түліктің қымбаттауына байланысты халық тапқан табысының тең жартысын тамаққа жұмсағанын атап өтті. Дамыған елдерде азаматтар азық-түлікке кірісінің тек 10 процентін жұмсайды.

"Тіпті Ресей мен Беларусьте бұл көрсеткіш азаматтар табысының үштен бірінен аспайды. Халқымыздың тапқан табысы азық-түлік сатып алуға кетіп жатыр. Олардың өз жинағын арттыруға мүмкіндігі аз. Тұрмыс деңгейін жақсарту, негізінен, кредит алу есебінен қамтамасыз етіліп жатыр деген сөз. Халықтың қарызға кіруі әлеуметтік проблемаларға әкеп соғуы мүмкін", - деп алаңдады сенатор.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО елдерінде бізден жоғары: ең төменгі күнкөріс деңгейі қашан өседі?

Ол елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі мен ең төменгі жалақы қазіргі жағдайға сәйкес келмейтінін айтты.

Тақырып бойынша

Табыс декларациясында қымбат тон мен төрт түлік малды көрсету керек пе?
Ең көп табыс табатын жұлдыздардың есімдері жарияланды – фото
Ең төменгі күнкөріс шегі деген не және оны неге арттыру керек
Табыс салығынан кімдер босатылуы мүмкін?
Жеміс ағашы мен кредит те кіріс саналады: 21 мыңнан кімдер қағылады?
Кілт сөздер:
кіріс-шығыс, табыс
Загрузка...

Басты тақырып