08:45 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (595)
463 0 0

Елорданың бас санитар дәрігері тұрғындарға қажетті азық-түлікті сенбіге дейін сатып алуға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда демалыс күндері тек үйге жақын азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бас санитардың қаулысына сәйкес, 20-21 маусым күндері барлық ойын-сауық сауда орталығы, сауда үйлері, желілік дүкендер, жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базаларлар мен дүкендер жабылады. Екі күн бойы тек үйдің ауласында орналасқан азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Бірақ олардың уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектеледі.  

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы коронавирус індетіне қатысты шұғыл тапсырма берді 

Бүгінде Нұр-Сұлтанда инфекцияның отбасылық және ұжымдық ошағы үдеп барады. Осыған байланысты "үй демалысын" енгізуге шешім қабылданды.   

"Бүгінде бізге, дәрігерлерге індетті жұқтыру қарқынын төмендету және тізбекті жою керек. Әйтпесе инфекция үдеп барады. Қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үйдегі азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Тіпті, базарлар да жабылады. Қала тұрғындары қажетті азық-түлікті сенбіге дейін сатып алуы керек. Алайда дүрбелең тудырмаған жөн, себебі әр үйдің ауласында азық-түлік дүкендері бар", – деді қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.

Ол алдағы демалыс күндері  аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға кеңес берді.

Айта кетейік, 20-21 маусымда дәріханалар мен ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей береді. Бірақ санитарлық талаптар қатаң сақталуы шарт. Ал қоғамдық көлік қозғалысы толығымен тоқтайды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (595)

Тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметкерлердің бір бөлігі сол күйі жұмысқа шықпауы мүмкін
Ұлттық қордың келешегі бізді бұрынғыдан бетер толғандырады – депутат
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды
Алматыда карантин режимі күшейтілді: Сағынтаев себебін түсіндірді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына қатысты ақпарат жарияланды
Түркістан облысында шектеу шаралары күшейтілді
Кілт сөздер:
супермаркет, базар
Загрузка...

Басты тақырып