16:48 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2204402

Симптомсыз науқастар ем-домды мүлдем қабылдамауы тиіс, адамның ағзасы ауруды өзі жеңіп шығады. Оларға дәрі-дәрмектің қажеті жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева қандай науқастар коронавирустан дәрі-дәрмексіз емделетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.    

"Симптомсыз науқаста аурудың белгісі болмағанмен, олар айналадағы адамдарға қауіп төндіреді. Сондықтан толығымен оқшаулануы тиіс. Бөлмені үнемі желдетіп отыру қажет. Сосын симптомсыз науқастар ем-домды мүлдем қабылдамауы тиіс. Адамның ағзасы ауруды өзі жеңіп шығады. Сондықтан оларға дәрі-дәрмектің қажеті жоқ", - деді Баешева онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде симптомсыз науқастар және коронавирустың жеңіл түрімен ауыратындар қазіргі статистиканың 80 процентін алып отыр. Осы орайда дәрігер халықты дүрбелеңге салынбауға кеңес берді. 

Оқи отырыңыз: Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандардың тамағы қызарып, мұрны бітеледі 

"Адамдар тестің оң нәтиже көрсеткенін білген соң дүрбелеңге салынады. Одан қорықпау қажет. Дене қызуы көтерілсе де, үрейге бой алдырмаңыз. Сабыр сақтаңыз. Себебі аурудың симптомсыз және жеңіл түрі аса қауіпті емес. Егде жастағы және созылмалы ауруы бар адамдарды ойлайық. Оларға үлкен қауіп төніп отыр", - деп атап өтті Баешева.

Тақырып бойынша

Денсаулық сақтау министрлігі карантинді күшейтудің жаңа талаптарын жариялады
Қазақстандықтар "Олимпте" коронавирусқа уақытша тест тапсыра алмайды
Назарбаев коронавирус жұқтырды: Елбасының кімдермен кездескені белгілі болды
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері супермаркеттер мен базарлар жұмыс істемейді  
Алматыда инфекциялық ауруханалар 95%-ке толды - Бекшин
Қандай жағдайда тест теріс нәтиже көрсетсе де, коронавирус диагнозы қойылады?
Кілт сөздер:
дәрі-дәрмек, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып