Қоғам

Ақтаева елдегі эпидемиологиялық ахуал қолайсыз екенін айтты

© AFP 2024 / KOEN VAN WEELСотрудник лаборатории готовит материалы для исследования по разработке вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории готовит материалы для исследования по разработке вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше күннің деректеріне жүргізілген талдау нәтижесі елдің 15 өңірінде коронавирус жұқтыру өсімі 1,2 еседен 6 есеге өскенін көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Аптаның алғашқы үш күніндегі жағдайға талдау жасаған мамандар елдегі эпидемиологиялық ахуалды қолайсыз деп бағалады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы аптаның үш күнінде жағдай қолайсыз деп сипатталды. Аптаның алғашқы үш күнін өткен аптаның үш күнімен салыстырғанда вирус жұқтыру өсімі 1,6 есені құрады. Бұл ретте 15 өңірде аурудың 1,2 еседен 6 есеге дейін өскені байқалады", - деді Ақтаева үкімет отырысында.

Ол министрлік эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың қосымша өлшемшарттарын енгізгенін атап өтті.

Біріншісі, эпидемиологиялық жағдайдың динамикасы назарға алынады. Бағалау үшін "R – репродуктивті сан" көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш індетке шалдыққан бір науқастың орташа есеппен қанша адамға ауру жұқтырғанын көрсетеді.

"Екіншісі, шектеу шараларына қатысты міндеттемелер арқылы да науқастар ағымы еңсерілмеген күннің өзінде, денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне жол бермеу. Сондықтан коронавируспен ауыратын науқастарға арналған төсек-орын қорының қаншасы бос еместігі есепке алынады", - деді ол.

Сондай-ақ, қосымша көрсеткіштер ескеріледі. Бұл коронавирустан болатын өлім-жітім көрсеткішінің өсуі, ауыр және өте ауыр хәлде жатқан науқастардың үлесі.

Егер R көрсеткіші 1,3-тен асса немесе 1,15-тен жоғары болса, төсек-орындардың 70 пайыздан астамы бос болмаса, карантиндік және шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы коронавирус індетіне қатысты шұғыл тапсырма берді

Бүгігі таңда қосымша карантиндік шаралар барлық өңірде енгізілді.

Жаңалықтар
0