09:11 04 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD420.07
  • EUR493.25
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1685 0 0

Ең алдымен тышқандарға егіліп, вакцинаның қауіпсіздігі мен иммуногендігі тексерілген сынақ 15 мамырда басталған

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Қазақстан ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы инактивацияланған вакцина осы жылы қыркүйекте адамдарға сыналуы мүмкін. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір отандық ғалымдар үш платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірлеп жатыр.

Бірінші инактивацияланған вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 2020 жылы 15 мамырда өз тізіміне ресми енгізді. Аталған кандидаттық вакцинаның клиникаға дейінгі сынағы сәтті өтіп жатыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Клиникаға дейінгі сынақ 15 мамырда басталған. Алдымен, тышқандарға егіліп, вакцинаның қауіпсіздігі мен иммуногендігі тексерілді.

"10-23 маусым аралығында кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттеледі. Маусым, шілде айларында әртүрлі жануарға, оның ішінде приматтарға егіліп, әрі қарай вакцинаның жалпы иммуногенділігі зерттеледі. Қыркүйек айында клиникалық зерттеулерге көшу жоспарымызда бар", - деді ол.

Оқи отырыңыз: "Құдай басқа бермесін": вирусқа қарсы вакцина әзірлеген қазақстандық ғалымның әңгімесі

Тақырып бойынша

Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болатынын айтты
Қазақстан ресми түрде коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеушілердің қатарына енді
Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады
Жұмыста коронавирусқа тест тапсыруды талап етіп жатыр: Есмағамбетова не дейді 
Қандай жағдайда тест теріс нәтиже көрсетсе де, коронавирус диагнозы қойылады?
Загрузка...

Басты тақырып