Қоғам

Коронавирустан көз жұмғандар саны 113-ке жетті

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПациент
Пациент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайтыс болу дерегінің төртеуі Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі Түркістан облысында, біреуі Шымкент қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індеті салдарынан тағы 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан 4 науқас қайтыс болды (1954, 1958, 1952 жылы туған әйел және 1950 жылы дүниеге келген ер азамат). Ал Түркістан облысында 1950 және 1958 жылы туған әйел мен 1962 жылы туған  ер адам және Шымкент қаласында 1962 жылы туған әйел адам көз жұмды.

"Өлім себебін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", – делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 113 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, бүгінге дейін елімізде 16 779 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 10 411 науқас аурудан айығып шықты.

Жаңалықтар
0