16:26 10 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1372)
10074 0 0

Коронавирус жұқтырғаны белгілі болған күннен бастап Елбасы өзін оқшаулады, қашықтан жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының жағдайы туралы айтты.

"Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді, ауру белгілері жоқ. Дене қызуы тұрақты, коронавирус инфекциясына тән белгілер байқалмайды. Қазақстанның тұңғыш президенті дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға негіз жоқ", - деді баспасөз хатшысы.

Үкібайдың айтуынша, коронавирус жұқтырғаны белгілі болған күннен бері Елбасы қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, ол Назарбаев жеделхаттар мен хаттардың бірін қалдырмай оқып жатқанын атап өтті.

"Нұрсұлтан Назарбаев үшін бүкіл хат қымбат. Адамдардың бірлігі, олардың жылы, ізгі тілегі тұңғыш президентке күш береді", - деп жазды Үкібай Twitter-де.

Елбасы коронавирус жұқтырды

Бейсенбі, 18 маусымда Айдос Үкібай Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Десе де, ол "алаңдауға негіз жоқ" екеніне сендірді.

Айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев өзін оқшаулады, қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус жұқтырды: Елбасының кімдермен кездескені белгілі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Өкінішке қарай, коронавирус біздің тұңғыш президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Ресей президенті Владимир Путин де тұңғыш президентке коронавирустан құлан-таза айығып кетуін тіледі.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1372)

Тақырып бойынша

Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды
Көп жыл Назарбаевтың ұшағын басқарған пилот Елбасы туралы айтып берді
Тоқаев коронавирус жұқтырған Назарбаев туралы жазба жариялады
Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Кілт сөздер:
денсаулық, коронавирус, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып