09:10 13 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.90
  • EUR492.88
  • RUB5.73
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1385)
2528 0 0

Амандық Баталовта коронавирус белгілері байқалмайды, қазір ол өзін-өзі оқшаулады, қашықтан жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.

"Өкінішке қарай, коронавирусқа тапсырған соңғы ПТР-тест оң нәтиже көрсетті. Ауру белгілері жоқ", - деп жазды Жүкел әлеуметтік желіде.

Айтуынша, қазір облыс әкімі өзін оқшаулаған, әзірге қашықтан жұмыс істейді.

Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның денсаулығына алаңдауға еш негіз жоқ деді. Айтуынша, Назарбаев өзін оқшаулаған, жағдайы жақсы. 

Тағы оқыңыз: Коронавирустан дәрі-дәрмексіз емделуге болады – инфекционист кеңес берді

Бұдан бөлек, індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинн, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1385)
Кілт сөздер:
Амандық Баталов, Алматы облысы, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып