18:32 12 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.99
  • EUR492.68
  • RUB5.74
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
18135 0 0

Ұлттық тестілеу орталығы 25 тамызға дейін арнайы бағдарламаның көмегімен барлық бейнежазбаға талдау жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның бірінші күні ең жоғары балл жинаған талапкерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, кеше ең жоғары балл жинаған талапкер – Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Теспе орта мектебінің түлегі. Есімі – Абзал Әбдіманап.  

"Ол 140 балдың 138-ін жинады. Қазір жаңа норма енгізілген. Оған сәйкес, барлық ҰБТ процесі видеоға түсіріледі, кейіннен бейнежазбаға талдау жасалады. Әрине, біз Абзалдың да бейнежазбасын толық қарап шығатын боламыз", - деді Дидарбекова.

Айта кетейік, 21 маусымда республика бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу басталған болатын. Оған 6 186 талапкер қатысты. Оның 4 222-сі шекті балл жинаса, 1 964 талапкер шекті ұпайды жинай алмады. Ал 39 адам 130 балдан жоғары алды. Бұдан бөлек, тәртіп бұзған 164 талапкер анықталды.

"Жалпы, ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы нәтижелері тамыз айында нақты болады. Өйткені жаңа норма бойынша ұлттық тестілеу орталығы 25 тамызға дейін арнайы бағдарламаның көмегімен барлық бейнежазбаға талдау жүргізетін болады. Егер тест тапсырушының тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда оның нәтижесі жойылады, сәйкесінше гранттың да нәтижесі жойылуы мүмкін", - деп атап көрсетті Дидарбекова.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-2020: 164 талапкердің нәтижесі жойылды

Тақырып бойынша

ҰБТ-2020: калькуляторды қолдану тәртібі жарияланды 
ҰБТ-да талапкерлерді қалай тексереді – видео
ҰБТ басталды: министр түлектерге сәттілік тіледі
Нұр-Сұлтанда түлектердің бірін ҰБТ-ға кіргізбей қойды  
Қазақстанда ҰБТ басталды
Кілт сөздер:
Ұлттық тестілеу орталығы, Ұлттық бірыңғай тестілеу
Загрузка...

Басты тақырып