Қоғам

Тоқаев екі күннен кейін Мәскеуге барады

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Нацсовета общественного доверия
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Нацсовета общественного доверия  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге барады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр", - деді Уәли.

Айта кетейік, 26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатын. Сол кезде Ресей басшысы Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырған.

Кейіннен президент Тоқаев твиттердегі парақшасында: "Шақыртуды ризашылықпен қабылдадым", - деп жазды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет көмек береді": Тоқаев желіде жазба жариялады

Бұған дейін Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған болатын.

Жаңалықтар
0