17:06 10 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1595 0 0

Шекара ашылғаннан кейін, Түркияға алғаш болып демалуға қазақстандықтар ұшып келді. Оларды жергілікті тұрғындар құшақ жая қарсы алған

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Әуе қатынасы жанданғаннан кейін Антальяға демалуға келген алғашқы шетелдік туристер қазақстандықтар болды.

Сенбі күні курортқа жүзден астам жолаушы мінген ұшақ қонды, туристердің бір бөлігі бос тұрған қонақ үйлерге жайғасқан.

"Қазақстаннан Түркияға алғашқы халықаралық рейс ұшып келді. Бұл жерде бізден басқа шетелдік туристер әзірге жоқ. Негізгі контингент – бұл Қазақстан, жақында тағы Украинадан ұшып келеді. Қазір, негізінен, жергілікті тұрғындар демалып жатыр", - деді туристік агенттіктің менеджері Наталья Ботина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✈️ Наталья Ботина (@natasha.poehala)

Әуежайда жолаушылардың дене қызуы өлшенеді, анкета толтырады. Ботинаның айтуынша, қонақ үйлер 20-30%-ке толған.

Менеджер коронавирустың таралуына байланысты "швед дастарқаны" мен  all inclusive (бәрі қамтылған) жүйесі өзгеріп кеткенін айтты.

Санитарлық шаралар күшейіп, қызмет көрсетудің әдеттегі тәсілдері өзгерген, деп түсіндірді ол.

"Биыл Түркияда "бәрі қамтылған" жүйесі өзгерді. Қазір бұрынғыдай табағыңызға тамақ толтырып әкете алмайсыз. Таңдағаныңызды салып береді. Тағамды сенсорлы гаджет арқылы таңдауға болады. Аспазшылардың қолында – қолғап. Адамдар арасындағы қашықтыққа байланысты да шектеулер бар", - деді Наталья.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @armashka_pilot

Коронавирус пандемиясы қонақ үйлердің бөлмелерін тазалау процедурасына да өзгеріс енгізді. Барлық нөмір дезинфекцияланып, әрбірі бір сағат бойы өңделеді.

Ht.kz туристік агенттігінің директоры Максим Банин Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында Алматыдан Антальяға алғашқы рейспен 200-ден аса адам ұшып шыққанын мәлімдеді.

"Ұшақ 90%-ке толды. Нұр-Сұлтаннан 190-нан астам адам ұшты. Әуе кемесі 85%-ке толды. Ұшақ борттарында ересектер де, балалар да болды", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 24/7.kz Турагентство Астана (@247.kz_astana)

Банин елдегі жағдайды өз көзімен көріп, баға беру үшін Алматыдан шыққан ең алғашқы рейспен ұшып келген.

Түркияда, егер туристердің дене қызуы 38 градустан жоғары болса, карантин бөлмесіне жібереді. Онда оларды дәрігерлер тексеріп, ПТР-тест тапсырады.

Тағы оқыңыз: Пандемия кезіндегі демалыс: қай елдер туристерді қабылдауға дайын

"Егер COVID-19 тесті оң нәтиже көрсетсе, жолаушылар 14 күнге карантинге жабылады. Сақтандыру компаниясы бұл жағдайларды бақылауға алып, туристердің шығынын міндетті сақтандыру аясында өтейді. Бұл сақтандыру барлық туристік пакеттің ішіне қосылған", - деді ол.

Айта кетсек, Қазақстан 20 маусымнан халықаралық әуе қатынасын жандандырды. Енді қазақстандықтар Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапонияға ұша алады.

Кілт сөздер:
Түркия, туристер
Загрузка...

Басты тақырып